«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қарашадағы № 335 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі тәртібі:
1) қоймаларды, аэровокзалдарды (жолаушылар, жүк терминалдарын) ұстауды;
2) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз етуді;
3) перрондардағы, ангарлардағы, технологиялық жабдықтар мен механикаландыру құралдарындағы әуе кемелерінің тұрақ орындарын күтіп ұстауды;
4) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану базаларының объектілерін ұстауды;
5) арнайы көлікті сақтау, жөндеу және пайдалану орындарын ұстауды;
6) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін ұстау және өртке қарсы қамтамасыз етуді;
7) бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуді қамтиды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әуе кемелерінде және әуеайлақ объектілерінде өрттен құтқару жұмыстарын орындау үшін азаматтық авиация ұйымының басшылығымен ұшақтарға өрт-құтқару топтары құрылып, олар ұшулардың өртке қарсы авариялық-құтқару қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - ҰӨҚАҚҚҚ) құрамына кіреді.